• RUB:
    6.33
  • USD:
    511.59
  • EUR:
    575.28
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 15:55

Қытайда шенеуніктерге сән-салтанаттан бас тарту бұйырылды

30 рет
көрсетілді

Қытай Коммунистік партиясы мемлекеттік аппараттағы ысырапшылдықпен күресті күшейту мақсатында жаңа тәртіп енгізді. Енді қызметтік кездесулерде қымбат ішімдіктер, темекі өнімдері мен сәнді тағамдар ұсынуға тыйым салынады. Сонымен қатар, ресми қонақтарды әуежайға шығарып салу, жиындарда гүлмен әсемдеу секілді салтанатты рәсімдер де қысқартылады, деп жазады Egemen.kz.

Бұл шешім Қытайдың экономикалық өсімі бәсеңдеп, АҚШ-пен арадағы сауда соғысы жалғасып тұрған шақта қабылданып отыр. Ел басшылығы мемлекеттік қызметкерлерге қарапайым өмір салтын ұстанып, үнемшілдікте үлгі болуды талап етіп жатыр.

Шенеуніктерге арналған ресми мәлімдемеде: «Қарапайым өмір сүрудің үлгісін көрсетіп, артық шығыннан аулақ болу – партияның беделін арттырады» деп атап өтілген.

Экономикалық қысым жағдайында мұндай шаралар Қытай билігінің ішкі тұрақтылықты сақтау және халықтың сенімін нығайту бағытындағы тактикалық қадамдарының бірі ретінде бағаланып жатыр.