• RUB:
    6.33
  • USD:
    511.59
  • EUR:
    575.28
Басты сайтқа өту
Қоғам Кеше

«Наурыз» – баспанаға жеткізер сенімді бағыт

50 рет
көрсетілді

Бұқара халық үшін тұрғын үй мәселесі өте өзекті. Ел Үкіметі бұл түйткілді шешу жолында жүйелі жұмыстар атқарып, түрлі мемлекеттік бағдарламалар мен жеңілдетілген ипотекалық жобаларды жүзеге асырып келеді. Солардың бірі – Отбасы банкі қолға алған «Наурыз» бағдарламасы. Бұл бастама Grand Building Group (GBG) компаниясының құрылыс жобаларымен ұштасып, азаматтарға сапалы әрі қолжетімді баспана алуға мүмкіндік беріп отыр.

 Ипотекаға қол жеткізу жеңілдеді

«Наурыз» бағдарламасы шеңберінде азаматтар бастапқы жарна ретінде пәтер құнының небәрі 10 пайызын жинаса жеткілікті. Ипотекалық несиенің жылдық пайыздық мөлшерлемесі әлеуметтік осал топтар үшін 7%-ды құрайды (ЖТСМ — 7,1%-дан 9,6%-ға дейін), ал басқа санаттағы қатысушылар үшін бұл көрсеткіш 9%-ға дейін жетеді (ЖТСМ — 9,4%-тен 13%-ға дейін).

2024 жылы іске қосылған «Наурыз» және «Отау» бағдарламалары бүгінгі таңда біріктіріліп, біртұтас «Наурыз» атауымен жүзеге асып жатыр. Бағдарлама басталғалы бері 11 481 азамат қоныс тойын атап өтті. Биыл бұл жобаға 12 мыңнан астам адам тіркеліп, оның 2 767-сі — Астана қаласының тұрғындары.

Қазірдің өзінде 1 235 астаналық өздерінің төлем қабілетін растап, Отбасы банкі тарапынан несие алуға мақұлданды. Ал 403 отбасы жаңа баспаналарына қоныстанып үлгерді.

«Бағдарлама қатысушыларына баспана таңдау үдерісін жеңілдету мақсатында біз серіктесіміз – GBG компаниясымен бірге тұрғын үй кешендеріне арнайы тур ұйымдастырдық. Тур барысында пәтер брондауға шешім қабылдаған азаматтар құрылыс компаниясының арнайы жеңілдігіне ие бола алады», деді Отбасы банкінің орталық филиалы бизнесті дамыту басқармасының басшысы Меруерт Әділбаева.

 

Сарайшықтағы заманауи өмір салты

Астананың қарқынды дамып келе жатқан аудандарының бірі – Сарайшық ықшамауданы бүгінде жаңа келбетке ие болып келеді. Мұнда бой көтеріп жатқан «Dauletti qalashyq» тұрғын үй кешені астаналықтар үшін ерекше тартымды. Бұл жобаны жүзеге асырып отырған — Grand Building Group компаниясы. 2020 жылдан бері 300 мың шаршы метрден астам тұрғын үй салып, 3 500-ден астам отбасыны баспанамен қамтыған компания сапа мен сенімділікті басты қағида етіп келеді.

«Dauletti qalashyq» — тек көпқабатты үйлер жиынтығы ғана емес, ұлттық құндылықтарды ұлықтауға арналған рухани-мәдени жоба. Мұндағы әрбір үйдің атауы белгілі бір мағынаны білдіреді. Мәселен, Bilim 2 тұрғын үйі — білім мен даналықты дәріптеуге арналған. Аталған кешеннің маңында мектептер мен балабақшалар шоғырланған. Сондай-ақ бұл ауданды болашақта LRT желісімен байланысатын «Жібек жолы» сауда орталығы да орналасқан.

Ашықтық пен айқындық — басты ұстаным

Отбасы банк пен GBG компаниясы бағдарлама қатысушылары мен БАҚ өкілдеріне арнайы баспасөз турын ұйымдастырып, пәтерлерді көзбен көру мүмкіндігін ұсынды. Тур аясында Bilim тұрғын үйі көрсетіліп, әр шаршы метр үшін 30 000 теңге көлемінде жеңілдік жарияланды. Сонымен қатар, 100 000 теңгеден 500 000 теңгеге дейінгі арнайы лотереялық жеңілдіктер ұсынылды.

«Біз бүгін «Наурыз» бағдарламасына қатысушылар үшін арнайы экскурсия ұйымдастырып отырмыз. Bilim атты бизнес-класс санатындағы тұрғын үй кешенін көрсетіп, тұрғындарға аудан инфрақұрылымымен де танысуға мүмкіндік бердік. Сарайшықта мектеп пен балабақша жеткілікті, қоғамдық көлік пен сауда орталықтары да жақын орналасқан. Тур барысында біз VR-көзілдірік арқылы пәтердің соңғы әрлеуден кейінгі көрінісін де көрсеттік. Айта кетерлік жайт – GBG жобаларында КЖК (құрылысты жүзеге асыру кепілдігі) жүйесі қарастырылған, бұл салымшылардың қаражатының мемлекет тарапынан қорғалатынын және пәтерді құрылыс кезінде сатып алуға болатынын білдіреді», деді компания маркетологы Ұлан Дәулетқали.

 

Пәтер рәсімдеу бұрынғыдан да ыңғайлы

Баспасөз турының соңында қатысушылар компанияның сату кеңсесінде болып, пәтер таңдау мен ипотекалық несиені рәсімдеу үдерісін көрді. Енді Отбасы банкі өкілдері құрылыс компаниясының кеңсесінде тікелей қызмет көрсетеді. Бұл – азаматтардың банкке барып әуре болмай, барлық рәсімді бір жерден шешуіне жол ашады.

Бағдарлама аясында ұсынылып отырған пәтерлер бастапқы және таза әрлеуде беріледі. Бұл – жаңа қоныс иелеріне өз талғамына сай интерьер жасауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ қатысушылар Baqyt тұрғын үй кешенінің құрылыс барысымен танысты. Қолданылған материалдың сапасы, нысанның ашық түрде көрсетілуі мен нақты құрылыстық жоспар – GBG-дің жауапты құрылысшы екенін көрсетеді.

Ал Bailyq тұрғын үй кешені – ұлттық нақыш пен заманауи архитектураны үйлестіре білген, мәдени мазмұны терең, өмір сүруге ыңғайлы тұрғын үй жобасы.

Бағдарламаға қатысып, пәтер іздеп жүрген қатысушылардың бірі өз пікірімен бөлісті:

«Бұл бағдарламадағы ең басты артықшылық – төмен пайыздық мөлшерлеме мен қолжетімді бастапқы жарна. Жас отбасымыз үшін бұл – үлкен мүмкіндік. Біз алдын ала дайындалып, Отбасы банкінде депозит ашып, ақша жинадық. Қазір бағдарламаға қатысушы ретінде тіркелдік, енді өзімізге лайық баспананы іздеп жүрміз,  деді болашақ пәтер иесі.

Иә, қазір баспана — жай ғана тұрғын үй емес, ол — тұрақтылық пен болашаққа деген сенім. «Наурыз» бағдарламасы мен Grand Building Group компаниясының бастамалары — осы сенімді жолға апарар нақты мүмкіндік. Ашықтық, сапа, қолжетімділік — қазіргі таңда өз үйім болсын деген әрбір азаматтың арманына жетуіне жол ашып отыр.