• RUB:
    6.37
  • USD:
    507.07
  • EUR:
    572.53
Басты сайтқа өту
Бокс Бүгін, 09:59

Таиландта өтетін турнирге қатысатын боксшылар белгілі болды

30 рет
көрсетілді

24 мамыр-1 маусым аралығында Бангкокта Thailand open boxing - 2025 халықаралық турнирі өтеді. Бокс бәсекесінде Қазақстанның әйелдер және ерлер құрамасы бақ сынайды, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан бокс федерациясының мәліметінше, жарысқа Қытай, Корея, Жапония, Өзбекстан, Қазақстан, Таиланд және тағы басқа елдің былғары қолғап шеберлері қатысады.

Халықаралық додада ел намысын қорғайтын әйелдер құрамасы:48 келі. Гүлназ Бурибаева51 келі. Жазира Уракбаева54 келі. Сымбат Әлиасқар57 келі. Шахназ Исаева60 келі. Виктория Графеева65 келі. Назерке Серік70 келі. Наталья Богданова75 келі. Надежда Рябец80 келі. Гүлсая Ержан+80 келі. Елдана ТалиповаЕрлер командасы:50 келі. Нұрзат Оңғаров55 келі. Нұрсұлтан Алтынбек60 келі. Оразбек Асылқұлов65 келі. Дулат Бекбауов70 келі. Төрехан Сабырхан75 келі. Тимур Нұрсейіт80 келі. Диас Молжігітов85 келі. Бекзат Таңатар90 келі. Данияр Рахымбердиев+90 келі. Даниял Сапарбай