• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға 23 Мамыр, 2025

Алматыда жол апатынан төрт адам зардап шекті

Алматыда жолаушылар автобусы мен жеңіл көлік соқтығысып, жол апатынан төрт адам зардап шекті. Апаттың мән-жайын қаланың полиция департаменті хабарлады, деп жазады Egemen.kz. 

Жол апаты 22 мамыр күні кешкі сағат 22:25-те Түрксіб ауданында орын алған.

«Автобус жүргізушісі Рысқұлов даңғылы бойымен жүріп, бұрылған кезде қарама-қарсы бағытта келе жатқан Audi көлігімен соқтығысқан. Соқтығыс салдарынан Audi жүргізушісі мен оның үш жолаушысы түрлі дене жарақатын алды», деп хабарлады Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.

       
Соңғы жаңалықтар