• RUB:
    6.45
  • USD:
    512.66
  • EUR:
    580.59
Басты сайтқа өту
Қазақстан Кеше

Еліміздің үш мегаполисі жаһандық рейтингте нешінші орында тұр

70 рет
көрсетілді

Oxford Economics Global Cities Index 2025 рейтингісі бойынша Қазақстанның Астана, Алматы, Шымкент қалаларының көрсеткіштері туралы Exclusive журналынан мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы – 258-орында (Орталық Азиядағы ең жоғары нәтиже). Адами капитал бойынша – 64-орын, алайда экология мен басқару көрсеткіштері төмен. Орташа деңгейдегі жаһандық қала санатына кіреді, бірақ жаңғыртуды қажет етеді.

Астана – 276-орында. Экономика және адами капитал көрсеткіштері жақсы, бірақ басқару мен экология әлсіз. Зияткерлік әлеуеті жоғары «әкімшілік хаб» ретінде сипатталады.

Шымкент – 534-орында. Басқару мен экология бойынша көрсеткіштері нашар. Алайда адами капиталы жақсы (292), бұл – болашақ даму тұрғысында үміт күттіреді.

Қазақстанның бәсекелестері: Ташкент, Бішкек, Тбилиси (аймақта) және Мехико, Ханчжоу, Анкара, Бусан (әлемде). Алдағы 10-15 жылда осы қалалармен инвестиция, кадр және мәртебе үшін бәсеке күтіледі.