• RUB:
    6.51
  • USD:
    510.81
  • EUR:
    578.59
Басты сайтқа өту
Қоғам 29 Мамыр, 2025

Жазғы маусымда қосымша 12 теміржол бағыты іске қосылады

30 рет
көрсетілді

Бұл туралы Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы Жәнібек Тайжанов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Қазақстанның магистральдық теміржол желісі бойынша 154 бағытта  пойыздар қатынап жатыр. 2024 жылы теміржол көлігімен 20,8 млн жолаушы тасымалданған. Ал, биыл 22 млн жолаушыны тасымалдау жоспарланған, оның ішінде жаз айларында – 7 млн астам адам.

Спикердің айтуынша, тасымалдың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін жазғы маусымға қосымша 12 бағыт ұйымдастырылады, оның ішінде 9 бағыт Алакөлге дейін қатынайды, сондай-ақ Астанадан Алматы, Шымкентке дейін тағы 3 маршрутты, Балқаш-Қарағанды бағытын ұйымдастыру жоспарланған.

«Аталған шаралар жазғы маусымда пойыздарда шамамен 300 мың қосымша орын құруға мүмкіндік береді. Жолаушылар ағынының артуына байланысты пойыз құрамдарының ұзындығы қосымша вагон тіркеу арқылы кезең-кезеңімен ұлғайтылады, бұл шамамен 1 млн қосымша орын ұсынуға мүмкіндік береді», деді Ж.Тайжанов.