• RUB:
    6.53
  • USD:
    511.67
  • EUR:
    582.38
Басты сайтқа өту
Балалар 02 Маусым, 2025

Жедел жәрдем қызметкерлері балаларына қызмет көрсетілді

100 рет
көрсетілді

Ақтөбе облысындағы  жедел жәрдем мекемесі жұмысшылары балалары арасында   «Менің ата-анам  адам жанының қорғаушысы» және «Менің ата-анам жедел жәрдем қызметкері»  тақырыптарында   сурет салудан және бейнеролик түсіруден сайыс өтті.

Сайысқа қатысқандарды іріктей келе,  он алты жедел жәрдем бекетінің фельдшер, жүргізуші,  диспетчер,  санавиация қызметкері балаларына  салалық  кәсіподақ ұйымы  спорттық велосипедтерді сыйға тартты, деп хабарлайды  egemen.kz. 

Ақтөбе облыстық жедел жәрдем бекетінің ауласында  200-ге жуық жедел жәрдем қызметкерлері балалары арнайы театрландырылған қойылым мен   аниматорлық ойындарды тамашалады. Мекеме ауласында балаларға арнайы шатыр тігіліп, дастархан жайылып,  тәттілер мен балмұздақ, түрлі ойыншықтар таратылды.

Медицина мекемесі еңбеккерлерінің балаларын облыстық жедел жәрдем бекетінің басшысы  Нұрлан Медеубаев құттықтады.

Ақтөбе облысы.