• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Алматы Бүгін, 17:30

«Байсат» базары Алматы әкімдігінің меншігіне өтуі мүмкін

Қайрат Сатыбалдыдан алынған «Байсат» базары бірнеше рет аукционға шығарылған. Бірақ базарды сатып алушылар әлі де жоқ. Сол себепті қала әкімдігінің коммуналдық меншігіне өту мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Бұл туралы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Нұрмахан Әділбеков мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Н. Әділбековтің айтуынша, егер нысандағы мемлекеттік үлесті сату мүмкін болмаса, оны жергілікті атқарушы органның теңгеріміне өткізу мәселесі пысықталады. Нысан бұған дейін 5 рет аукционға қойылып, 26-28 млрд теңгеге бағаланған.

Қайрат Сатыбалдының ұлына тиесілі «Байсат» базары сатылымға шығарылды

«Байсат» базары мемлекет меншігі – KUVA иелігіне осыдан шамамен 2 жыл бұрын өткен. Қайрат Сатыбалды оны 2024 жылғы қаңтарда қылмыстық тергеу барысында мемлекетке «ерікті түрде» қайтарған.

Бұған дейін Қайрат Сатыбалдының бизнес-орталығы 61 миллиард теңгеге сатылатыны туралы айтылған еді.

Соңғы жаңалықтар