Бүгін Талдықорғанда Шерзат Полаттың өліміне айыптау жөніндегі сот процесінде төрағалық етуші судья Ержан Жанұзақов үкім 5 - маусым, сағат 16: 00-де жарияланатынын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Шезат ісі бойынша соңғы сот отырысы 5-маусым күні өтеді.
Іс бойынша 9 адам айыпталып отыр. Мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбай Шерзат Полат өліміне күдіктілерге:
Абзал Шынасылға – 23 жыл; Равиль Сакиевке – 20 жыл; Шыңғыс Белғожаевқа – 7 жыл; Дархан Аскентайға – 7 жыл; Нұрқияс Ілиясовқа – 9 жыл; Нұрбол Тоқтаубаевқа – 7 жыл; Азамат Тоқтаубаевқа – 15 жыл; Дидар Қалиахметке – 7 жыл; Дидар Ысқаққа (кәмелетке толмаған) – 1 жыл 6 ай жаза тағайындауды сұраған еді.Айта кетейік, 2024 жылдың 4 қазанында Талғарда 16 жастағы Шерзат Полат кісі қолынан қаза тауып, кейіннен отбасының үйі өртеніп кеткен еді. Ал бірнеше айдан соң Шерзаттың ағасы көз жұмған болатын.