• RUB:
    6.53
  • USD:
    511.67
  • EUR:
    582.38
Басты сайтқа өту
Ғылым 03 Маусым, 2025

Ғалымдар экологияны қалпына келтірудің тың әдісін ұсынды

70 рет
көрсетілді

Сәтбаев университетінің бір топ жас ғалымдары гипераккумуляторлық өсімдіктер мен микоризияларды қолдана отырып, ашық тау-кенжұмыстары салдарынан бұзылған жерлерді рекультивациялау процесін қарқындатудың тың әріэкологиялық тәсілін әзірлеуде. Бұл бастама еліміздің шөлді және шөлейтті аймақтарында ауыр металдармен ластанған жерлерді қалпына келтіру ісінде жаңа кезеңнің бастамасы болмақ, деп жазады Egemen.kz. 

Жобаның ғылыми негізі – белгілі бір өсімдіктердің(гипераккумуляторлар) топырақтан ауыр металдарды сіңіріп алатындығы және жинақтағыштығын, сондай-ақ топырақтағы пайдалы микроағзалар мен симбиоздық қатынаста болатын микоризиялардың әсерін зерттеуге негізделген.

Ғалымдар ұсынған жаңа әдіс жер бедерін табиғи жолмен қайта қалпына келтіруді қамтамасыз етіп, экожүйенің тұрақты дамуына жол ашады.

«Гипераккумуляторлық өсімдіктер мен микоризияларды пайдалану – еліміздің климаттықжағдайына бейімделген, тиімді әрі экологиялықтұрғыдан қауіпсіз әдіс. Мұндай биологиялықтәсілдер тек тау-кен өндірісінің қоршаған ортағатигізетін зиянды әсерін азайтып қана қоймай, ауылшаруашылығына жарамды алқаптардың көлемінұлғайтуға да септігін тигізеді», – дейді жоба жетекшісі, PhD докторы, Сәтбаев УниверситетіТау-кен металлургия институтының профессоры Жақыпбек Ырысжан.

Бүгінгі таңда зерттеу жобасы сынақтан өтіп жатыр. Таңдалған сынақ алаңдарында алғашқы оң нәтижелертіркеліп, өсімдіктердің ауыр металдарды сіңірудеңгейі мен топырақтың экологиялық жағдайыныңжақсаруы байқалуда. Бұл өзгерістер зерттеу тобытарапынан ғана емес, жобаның іске асырылыпжатқан пайдалы қазбалар кен орындарыныңбасшылығы тарапынан да жоғары бағаланып отыр.

Аталған зерттеу жобасы Қазақстанның тау-кенөнеркәсібі аймақтарындағы табиғи ресурстардыұтымды пайдалануға және табиғи ортаны қалпынакелтіру ісіне елеулі үлес қосуы тиіс. Соныменқатар, бұл бастама жас ғалымдардың ғылым мен өндіріс тоғысында нақты нәтижеге бағытталғанізденістерінің айқын көрінісі болып отыр.