• RUB:
    6.46
  • USD:
    510.19
  • EUR:
    582.79
Басты сайтқа өту
Қазақстан 04 Маусым, 2025

10 мыңнан астам бала бір мезетте әнұранды шырқады

90 рет
көрсетілді

Мемлекеттік рәміздер күніне орай Астанадағы жалпы білім беретін мектептер мен қосымша білім беру ұйымдарының жазғы лагерьлерінде ауқымды патриоттық іс-шара өтті, деп жазады Egemen.kz.

Шараға елордадағы 92 мектеп пен 13 қосымша білім беру орталығынан 10 000-нан астам бала қатысты.

Бұл бастама арқылы жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсат етілген. Әнұран шырқау рәсімі балалардың өз Отанына деген мақтаныш сезімін оятып, біріктіруші рух берді. Мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақты азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады.

Айта кетейік, 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні, бұл мереке 2007 жылдан бері ресми түрде аталып өтіледі.

Соңғы жаңалықтар