• RUB:
    6.46
  • USD:
    510.19
  • EUR:
    582.79
Басты сайтқа өту
Туризм Кеше

Қазақстан мен Корея арасындағы әуе қатынасы күшейді

30 рет
көрсетілді

Қазақстан Кореядан Алматы, Астана және Шымкентке тікелей рейстер жиілігін аптасына 17 рейске дейін арттырды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Оңтүстік Корея – Қазақстан үшін маңызды туристік нарықтардың бірі. 2024 жылы елімізге 40 180 кореялық келген. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда +12,8% әрі пандемияға дейінгі көрсеткішке тең. Қонақүйлерде түнеген туристер саны да 26 861 адамға жетіп, 12%-ға өскен. Министрлік екі ел арасындаығ туристік қатынастың дамуына визасыз режим, тікелей рейстердің көбеюі және белсенді ілгерілету жұмыстары ықпал етіп отырғанын атап өтті. Сеулде өткен B2B кездесулерінде қазақстандық туроператорлар Кореяның 60-тан астам компаниясымен келіссөздер жүргізген. Шараға Kazakh Tourism, Almaty Tourism Bureau, Air Astana, SCAT және «Шымбұлақ» курорты белсенді қатысқан. Іс-шара Қазақстанның Кореядағы елшілігінің қолдауымен өткен.

«2024 жылы Қазақстан экономикасы 5,1%-ға өсті. Шетелдік инвестициялар көлемі рекордтық деңгейге жетті. Мемлекет қолдауының арқасында туризм, оның ішінде MICE-сектор белсенді дамып келеді. 2025 жылы Астанада өткен халықаралық форум – соның дәлелі. Оның қонақтарының бірі – БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Пан Ги Мун болды», деді  Қазақстанның Корея Республикасындағы елшісі Нұрғали Арыстанов

Сондай-ақ Алматы туризм басқармасы Сеулдегі SITF халықаралық көрмесіне қатысу процесін ұйымдастырып жатыр. Ал сәуірде Kazakh Tourism және Air Astana Кореяның 9 ірі туроператорына ақпараттық тур өткізген.

Соңғы жаңалықтар