Қазақстанның егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтына (ҒЗИ) БҰҰ Даму бағдарламасының өкілдері келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
2029 жылға дейін іске асырылатын топырақ құнарлылығын қалпына келтіру бойынша халықаралық жоба шеңберінде өткізілген аталған кездесудің негізгі тақырыптары – тұрақты агротехнологияларды енгізуді және көпжылдық шөп тұқым шаруашылығын дамытуды қамтыды. ҒЗИ жобада сапалы тұқымдарды қамтамасыз етіп қана қоймай, ғылыми тұрғыдан толыққанды үлес қосуға да дайын екенін білдірді.
Ауыл шаруашылғы министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, кездесуде сонымен қатар, топырақ деградациясына ұшыраған Қазақстанның өңірлерінде жобаны кеңейту мәселесі талқыланды. Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ сенімді ғылыми серіктес болуға дайын екенін растады.