Күн сайын теңіз жағалауларынан табылатын пластик бөтелкелер мен пакеттер – адамзаттың ең өзекті экологиялық мәселелерінің біріне айналды. Осыған байланысты жапон ғалымдары бір сағатта еріп кететін пластик жасап шығарды.
Бұл материал тұзбен әрекеттескенде зиянсыз компоненттерге ыдырайды. Жоба әлі коммерциялық іске асырылмағанымен, өнеркәсіптер үлкен қызығушылық тудырып отыр. «Біздің балаларымыз қандай ғаламшарда өмір сүретіні біздің бүгінгі әрекетімізге байланысты. Біз оларға таза әрі қауіпсіз орта қалдыруға тиіспіз», дейді жобаның жетекшісі Такудзо Аида. Оның айтуынша, бұл пластикті азық-түлік орамаларында, бір реттік ыдыстарда, тіпті дәрі-дәрмек саласында да қолдануға болады.