• RUB:
    6.46
  • USD:
    510.19
  • EUR:
    582.79
Басты сайтқа өту
Digital Бүгін, 11:00

Керек дерек

30 рет
көрсетілді

«AI for Her» курсы – әйелдердің цифрлық сауаттылығын арттырып, жасанды интеллект құралдарын күнделікті өмірде, жұмыс барысында тиімді пайдалануға үйретеді. Жобаны «Women in Tech Kazakhstan» қауымдастығының еріктілері ойластырып, контентін кәсіби мамандар әзірлеген.

Курс барысында қатысушы­лар жасанды интеллектінің негізгі ұғымдарымен танысады, «ChatGPT», «Gemini», «Copilot» сынды заманауи ЖИ құралдарды жетік меңгереді. Сонымен қатар олар қайталанып отыратын тапсырмаларды автоматтандырып, уақытты тиімді басқару, контент жасау мен жеке жұмыс үдерістерін оңтайландыру әдістерін үйренеді. Бұдан бөлек қатысушылар Telegram арна­ларға ЖИ технологияларын біріктіру жолдарын тәжірибе жүзінде байқап көреді.

Жалпы, бағдарлама мазмұ­ны HR, маркетинг, құқық, қар­жы, аналитика сынды түрлі саладағы мамандарға да, технологияны кәсібіне ендіргісі келетін кәсіпкер әйелдерге де пайдалы болмақ.

Курс соңында қатысушылар арнайы сертификатқа ие болып, одан соң Алматыда өтетін офлайн іс-шараға шақырту алады. Сонымен қатар кәсіби бай­ла­ныстар орнатуға, тәжірибе ал­ма­­суға арналған пікірлес қауым­дас­тыққа қосылуға мүм­кіндік туады.

Айта кетейік, бұл бағдар­лама «EPAM Kazakhstan», Жасан­ды интеллектіні дамыту қауымдастығы, Алматы қаласы­ның әкімдігі, «Әлеуметтік динамика» қоғамдық қоры және «Darlean» компаниясының қол­дауымен жүзеге асады.

Соңғы жаңалықтар