ІІМ-нің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, қазақстандықтардың жеке мәліметтерін интернетте заңсыз сатқан қылмыстық топтың жолын кесті, деп жазады Egemen.kz.
Ақпарат мемлекеттік базалардан заңсыз алынып, Telegram арқылы таратылған, кейбірі коллекторлық компанияларға берілген. 140-тан астам адам, оның ішінде компания иелері мен арна әкімшілері ұсталған. Қазіргі таңда бес күдікті қамауға алынған. Тінту барысында 400-ден астам компьютерлік және басқа да электрондық техника тәркіленген. «Қылмыстық кодекстің 205-бабы 3-бөлігі (ақпараттық жүйеге заңсыз қол жеткізу), 147-бабы 5-бөлігі (жеке өмірге қол сұғу және жеке деректер туралы заңнаманы бұзу), сондай-ақ 211-бабы 3-бөлігі (шектеулі электрондық ақпараттық ресурстарды заңсыз тарату) бойынша қылмыстық істер қозғалды. Осы заңсыз әрекетке қатысы бар адамдардың толық шеңбері анықталып жатыр», деді ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы.