• RUB:
    6.46
  • USD:
    510.19
  • EUR:
    582.79
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 15:30

Ұлттар лигасының финалдық ойыны кезінде жанкүйер қаза тапты

20 рет
көрсетілді

Мюнхендегі «Альянц Арена» стадионында Ұлттар Лигасының финалдық ойыны барысында қайғылы оқиға орын алды. Испания мен Португалия құрамаларының кездесуінде бір жанкүйер биіктігі шамамен сегіз метр болатын жоғарғы ярустан баспасөз секторына құлап кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға қосымша уақыттың алғашқы таймында болған. Дереу оқиға орны қоршалып, медициналық көмек көрсетілген. Алайда, дәрігерлердің әрекеттеріне қарамастан, жанкүйердің өмірін аман алып қалу мүмкін болмаған.

Полиция мәліметінше, қаза тапқан адам Бавария өңірінен болған. Құқық қорғау органдары бейнебақылау жазбаларын қарап, куәгерлерден жауап алып жатыр. Полиция өкілі бұл оқиғаны қазіргі уақытта қайғылы жазатайым жағдай ретінде бағалап отыр.

УЕФА марқұмның қазасын растады.