• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға 09 Маусым, 2025

Астанадағы тағы бір көше уақытша жабылады

70 рет
көрсетілді

Елордадағы «Сарыарқа» сауда орталығының артындағы 68-көшеде жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шектеулер 9-13 маусым аралығында енгізіледі. Осы кезеңде көлік қозғалысы екі бағытта кезекпен ұйымдастырылады.

Қалалық әкімдік азаматтарды жолда туындауы мүмкін қолайсыздықтарды ескере отырып, жол бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес береді.