• RUB:
    6.41
  • USD:
    511.77
  • EUR:
    593.19
Басты сайтқа өту
Әлем Кеше

Оңтүстік Африкада тасқыннан 49 адам қаза тапты

30 рет
көрсетілді

Оңтүстік Африка Республикасында ауа райының күрт өзгеруіне байланысты ел билігі төтенше жағдай жариялады. Елдің бірнеше өңірінде қалың қар мен толассыз жауған жаңбыр салдарынан су тасқыны орын алып, табиғи апаттан 49 адам қаза тапқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ең көп зардап Шығыс Кап провинциясында тіркелген. Бұл аймақта тасқын салдарынан мектеп автобусы суға ағып кетіп, бірнеше бала көз жұмған. Сондай-ақ, О. Р. Тамбо ауданы мен Ист-Лондон қаласы маңында да адам өлімі тіркелген.

Апат салдарынан жүздеген көлік жолдарда тұрып қалып, ал көптеген елді мекендер жарықсыз қалған. Қазіргі таңда іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Мамандар бұл ерекше табиғи құбылысты климаттың жаһандық өзгеруімен байланыстырып отыр. Маусым — бұл өңір үшін қыс мезгілі саналса да, мұндай қар мен жауын-шашын мөлшері бұрын-соңды болмаған.