• RUB:
    6.44
  • USD:
    511.92
  • EUR:
    588.91
Басты сайтқа өту
Мәдениет Бүгін, 11:45

Парижде Нұрғиса Тілендиевтің мұрасы ұлықталды

50 рет
көрсетілді

ЮНЕСКО штаб-пәтерінде қазақтың ұлы композиторы, дирижер және Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған «Шабыт бастауы: Нұрғиса Тілендиевтің мұрасы» атты халықаралық көрме ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көрмеге Алматы қаласы Музейлер бірлестігінің қорынан 70-ке жуық жәдігер қойылған. Экспозицияға композитордың партитуралары, сирек кездесетін фотосуреттері, жеке қолданған заттары, сондай-ақ оның шығармашылық жолындағы ерекше белгіге айналған – Ахмет Жұбанов сыйға тартқан әйгілі «Дариға домбырасы» енгізілген.

Шара қазақ халқының бай музыкалық мұрасын халықаралық деңгейде насихаттауға, Нұрғиса Тілендиевтің өнердегі орны мен әлемдік музыка мәдениетіне қосқан үлесін паш етуге бағытталған.

Айта кетейік, аталған көрме 19 маусымға дейін жалғасады.