• RUB:
    6.58
  • USD:
    517.45
  • EUR:
    598.59
Басты сайтқа өту
Зерде Бүгін, 17:55

10 сынып оқушысы Еуропаның ең үздік физигі атанды

10 рет
көрсетілді

Болгарияның бас шаһары Софияда бүгін мәресіне жеткен беделді халықаралық зияткерлік сайыс – Еуропалық физика олимпиадасына (EuPhO-2025) 39 елден 200-ден астам жас физик қатысқан. Ел намысын қорғаған 5 оқушының барлығы жүлдегерлер қатарында тұрды, деп жазады Egemen.kz.

Команданы дайындағандар – республикалық-халықаралық олимпиадалардың бірнеше мәрте жеңімпаздары, тәжірибелі тәлімгерлер Андрей Сидоренко мен Темірлан Исмагұлов.

Елордадағы республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы Ілияс Қазымбек олимпиаданың абсолютті жеңімпазы атанып, қоржынға алтын медаль салды.

Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша Астанадағы РФММ-нің тағы бір 10-сынып оқушысы Алтаир Аканов пен Алматыдағы «Miras» халықаралық мектебінің 11-сынып оқушысы Роман Черемнов күміс медаль иеленсе, «Nurorda» халықаралық мектебінің 11-сынып оқушысы Даниэль Тюлюбаев қола медаль иегері болды. Ал Қостанай облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Таир Әбдіқадыр «Құрмет» грамотасын алды.

Еске салайық, 2024 жылы Қазақстан құрамасы аталған олимпиадада 2 күміс және 2 қола медаль жеңіп алған. Биылғы көрсеткіш – дарынды оқушылармен жұмыс жүйелі-нәтижелі жүргізіліп жатқанын айғақтайды.