• RUB:
    6.58
  • USD:
    517.45
  • EUR:
    598.59
Басты сайтқа өту
Өндіріс Кеше

Ақтөбе облысында карбамид зауыты салынады

20 рет
көрсетілді

Ақтөбе облысында жобалық құны $ 1,2 млрд құрайтын карбамид  зауыты салынатын болды. Бұл туралы ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің жұмыс сапары аясында «Қытай-Орталық Азия» индустриялық-инвестициялық форумында ҚР Энергетика министрлігі, Ақтөбе облысының әкімдігі,  Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясы (CNPC) және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ  арасында  жасалған келісім барысында мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Зауыт құрылысына қажетті тауарлық газбен  «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ы қамтамасыз ететін болады. Форум аясында Ақтөбе облысы әкімдігі мен Қытайдың Zhongbo Group компаниясы арасында өзара түсіністік туралы келісімге қол қойылды. Компания  өңірде жаңартылатын энергия көздері, агроөнеркәсіптік кешен, өңдеу өнеркәсібіне инвестиция салуға дайын екендіктерін білдірді.

Ақтөбе облысы.