• RUB:
    6.63
  • USD:
    518.81
  • EUR:
    596.27
Басты сайтқа өту
Үкімет Кеше

Серіктестікті күшейтетін жобалар

10 рет
көрсетілді

Премьер-министр Олжас Бектенов қытайлық Qingdao Wanlin Food Co., Ltd. компаниясы директорлар кеңесі­нің төрағасы Ли Яньтаомен кез­десу өткізді. Онда ауыл шаруашы­­лы­ғы өнімдерін терең өңдеу саласын­дағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Бірлескен инвестиция­лық жобаларды, оның ішінде құрғақ (кептірілген) көкөністер өндіретін зауыт салу бойынша жобаларды іске асыруға көңіл бөлінді.

Кездесу барысында Qingdao Wanlin Food компаниясының Түркістан облысында индустриалды парк салу жөніндегі жоспарлары қаралды. Жоба жалпы ауданы 70 гектар ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу нысандарды кезең-кезеңімен іске қосудың және өнеркәсіп инфрақұрылымын дамыту жөніндегі үш кезеңін қамтиды. Бұл құрғақ көкөністер, мал азықтық дақылдар өндіретін зауыттарды іске қосу, сондай-ақ қытай бизнесі тарапынан кемінде 15 серіктес тарта отырып, өнеркәсіптік парк салу.

Өндірістік қуаты жылына 50 мың тонна құрғақ көкөніс өндіретін зауытын салу жұмыстары басталды. Инвестор инвестиция сомасын 30 млн доллардан 90 млн долларға дейін арттырды, 300 жұмыс орнын ашу күтілуде. Компания бірінші кезеңде «Түркістан» ӘКК өнеркәсіп паркіндегі дайын өндіріс нысандарын жалға алды. Жақын арада жабдықты монтаждау жоспарлануда, бірінші кезеңді пайдалануға беру биылғы шілдеге жоспарланған. Жобаны дамыту стратегиясы еліміздің Жетісу және солтүстік өңірлерінде сәбіз және сарымсақ өңдеу бойынша қосымша зауыттар сала отырып, өндірісті кеңейтуді қамтиды. Өндіруші дайын өнімді Қазақстанда сатуға, сондай-ақ АҚШ пен ЕО нарығына экспорттауға ниетті.

«Қазақстанда экономиканың негізгі салаларының бірі ретінде ауыл шаруашылығын дамытуға көп көңіл бөлініп отыр. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз шаруаларды қолдау шараларын едәуір арттырдық. Былтыр елімізде 4,5 мың тоннаға жуық көкөністен жоғары өнім алынды. Ауыл шаруашылығы өндірісін әртараптандыру аясында биыл бақша дақылдарының егіс алқабы кеңейтіліп, 222 мың гектарға дейін жеткізілді. Біз Wanlin Group-пен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша, оның ішінде еліміздің аграрлық өңірлерінде жаңа өндірістерді орналастыруды қамтитын ұзақмерзімді стратегиялық әріптестікке мүдделіміз. Қазақстан бірлескен Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар орталықтарын құру, агро­техно­парктерге инвестиция салу, экс­порт­қа бағдарланған логистикалық хаб­тар­ды дамыту арқылы кооперацияны ке­ңейтуге ашық», деп атап өтті О.Бектенов.

Салалық министрліктер мен Түркістан облысының әкімдігіне екі апта мерзімде Инвестициялар туралы келісім жобасын дайындауды қамтамасыз ету тапсырылды.

Өз кезегінде Qingdao Wanlin Food Co., Ltd. директорлар кеңесінің төрағасы Ли Яньтао Қазақстан ауыл шаруа­шылығының айтарлықтай әлеуетіне тоқталып, АӨК өнімдерін терең өңдеу саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық білдірді.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар келешегі зор барлық бағыт бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға ниетті екенін жеткізді.

Qingdao Wanlin Food Co., Ltd. – Қытай­дың ауыл шаруашылығы өнім­дерін терең өңдеу саласындағы жетекші компанияларының бірі. Азық-түлік қызметі құрғақ көкөністерді (сарымсақ, ақ пияз және т.б.) зерттеуге, әзірлеуге, өндіруге және экспорттауға бағытталған. Қызметкерлер саны 1 мың адамнан асады, негізгі құралдардың көлемі 90 млн доллардан асады. Өнімдер АҚШ пен Еуропа елдеріне экспортталады. Жылдық сату көлемі – 10 мың тоннадан астам құрғақ көкөніс. Компания Nestle, Unilever, Kerry және басқа да ірі серіктестермен ынтымақтастық орнатқан.