• RUB:
    6.58
  • USD:
    517.45
  • EUR:
    598.59
Басты сайтқа өту
Заң мен Тәртіп Бүгін, 15:59

Алимент төлемеген әке жауапқа тартылды

10 рет
көрсетілді

Астрахан ауданы прокуратурасының талдау нәтижелері бойынша алимент төлемеген борышкерлер қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

2025 жылдың төрт айында аудан прокуратурасының араласуынан кейін кәмелетке толмаған балаларды асырауға алимент төлеуден әдейі жалтарған 3 борышкерге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 139-бабы бойынша қылмыстық істер тіркелді.

Мысалы, борышкер 2015 жылдан бастап әкімшілік жауапкершілікке тартылғаннан кейін өзі үшін тиісті қорытынды жасамай, бейресми жұмысқа орналасу арқылы нақты кірістерін жасырған.

Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, 250 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындалды.

Алимент міндеттерін орындамау түбі осындай қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. Алиментті уақытылы және толық төлеу – әр ата-ананың парызы. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау прокуратураның тұрақты қадағалауында болады.  

Ақмола облысы