Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника және А.Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы 2025 жылғы мемлекеттік сыйлықтарды беру жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Комиссия мүшелері биыл Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған жұмыстар және мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың қорытындысы туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің баяндамасын тыңдады.
Комиссия отырысының қорытындысына сәйкес, гуманитарлық ғылымдар, ғылым мен техника салалары бойынша 2025 жылы Мемлекеттік сыйлық алу үшін алдын ала іріктеуден өткен жұмыстардың тізімі анықталды. Келесі кезеңге өткен жұмыстар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.