• RUB:
    6.63
  • USD:
    519.55
  • EUR:
    596.03
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 13:49

Садақшылар 2 алтын медаль жеңіп алды

30 рет
көрсетілді

Сингапурде садақ атудан Азия кубогі кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аралас командалар арасында блоктық садақ атудан отандастарымыз Адель Жексенбинова мен Андрей Тютюн жұбы финалда Үндістан спортшыларынан басым түсті. Қорытынды есеп 155-153.

Тағы бір финалдық сайыста Қазақстан ерлер құрамасы (Андрей Тютюн, Ділмұхамет Муса, Бунед Мирзаметов) Үндістаннан барған қарсыластарын (235:231) ұтып, алтын медаль иеленді.