• RUB:
    6.65
  • USD:
    521.57
  • EUR:
    601.01
Басты сайтқа өту
Университет Бүгін, 08:00

Үздік университет атанды

30 рет
көрсетілді

Әлемнің жетекші жоғары оқу орындарын сарапқа салатын беделді «QS World University Rankings 2026» нәти­желері жарияланды. Бұл жолғы жаһандық рейтингте Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық универ­ситеті 317 орынға көтеріліп, үздіктер қатарынан көрінді.

Елордадағы Еуразия ұлт­тық университеті – еліміздегі маң­дай­алды оқу орындары­ның бірі. Бұ­ған дейін де біраз жетіс­тік­ке қол жеткізген ол осымен екінші жыл қатарынан халық­­аралық бәсекелестік ортада өсу қарқынын көрсетіп отыр.

Сондай-ақ аталған оқу орны «Жұмыс берушілер арасындағы бедел» және «ПОҚ-студенттер арақатынасы» көрсеткіштері бойынша үздік жүздікке енді. Бұл университеттің шетелдік оқытушылар мен студенттерге тартымдылығын одан әрі арттыра түсті.

QS аға вице-президенті Бен Саутердің айтуынша, әлем­дегі жетекші жоғары оқу орын­дарымен алшақтықты жою үшін қазақстандық универси­теттер қазіргі заманғы ғылыми күн тәртібіне ықпалын артты­руға, халықаралық зерттеу жо­ба­ларына қатысуға және ака­де­миялық ортадағы беделін одан әрі нығайтуға күш салуы қажет.

QS рейтингі университет­терді 9 өлшемі бойынша баға­лайды. Біріншісі, «ака­демиялық бедел», екін­шісі, «бір оқытушыға шаққандағы дәйексөз саны», үшіншісі, «жұмыс берушілер ара­сын­дағы бедел», төртіншісі, «жұ­мысқа қабілеттілік», бе­сіншісі, «оқытушылар мен сту­денттердің арақатынасы», алтыншысы, «халықаралық про­фессор-оқытушылар құра­мының үлесі», жетіншісі, «ха­лы­қ­аралық ғылыми ынты­мақ­тастық», сегізіншісі, «ха­лықаралық студенттердің үле­сі» және тоғызыншысы «тұ­рақтылық».

Биыл QS рейтингіне 106 мем­лекеттен 1501 жоғары оқу орны, оның ішінде біздің елі­мізден 20 университет кіреді.