Құқықтық статистика органдары порталының сайтында 53 жастағы Тәткееваға іздеу салынғаны туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қарлығаш Тәткеева Жамбыл облысында дүниеге келген. 1990 жылы Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетіне оқуға түскен.
1994 жылдың мамыр айынан 1995 жылға дейін Жамбыл облысы Шу қаласы прокуратурасының тергеушісінің көмекшісі болып жұмыс істеді. Университетті бітіргеннен кейін 1995-2002 жылдар аралығында Жамбыл облысының прокуратурасында түрлі лауазымдарда қызмет атқарды:
Шу қаласы прокурорының аға көмекшісі бос лауазымына тағылымдамадан өтуші; Ұйымдастыру-талдау жұмысы және азаматтардың өтініштерін қарау бөлімінің аға прокуроры; Ұйымдастыру-кадр жұмысы бөлімінің аға прокуроры; Сарысу ауданы прокурорының аға көмекшісі; Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау бөлімінің прокуроры.2002 жылдың сәуірінен 2003 жылдың тамызына дейін Тараз қаласындағы «БНБ» ЖШС директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
2003 жылғы 21 тамыздан - Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы.