• RUB:
    6.69
  • USD:
    523.46
  • EUR:
    600.04
Басты сайтқа өту
Жәдігер Бүгін, 08:10

«Насихат Қазақияның» түпнұсқа беттері

30 рет
көрсетілді

Бұқар жырау музейінің қызметкерлері Зейнел­ғабиден әл-Жауһаридің 1909 жылы Уфадан басылып шыққан «Насихат Қазақия» кітабының түп­нұсқа бөліктерін тапты.

Абайтану ғылымында Зей­­не­л­ғабиден Әмі­­р­е­­­ұлының есі­­мін айрықша ай­туға әбден болады. Филология ғы­лы­мдарының докторы, профессор Мекем­тас Мырзахметұлы оған «ұлт­тық ой-санасы ерте оянған, сол жолда қолынан келер әрекет­тен аянбаған, Абай мұрасын баспасөзде насихаттап, татар халқына танытуға арнаған тал­пынушылардың бірі» деп баға берген. Яғни Зейнелғабиден Әміреұлы – ағартушы, Абай мұрасын баспа бетіне ал­ғаш жария­лаған қайраткер. «Насихат Қазақияда» қазақ халқының тұрмыс-тіршілі­гіне қатыс­ты өзекті мәселелер қарас­ты­­ры­лып, ақын Абай Құнан­байұлы мен жерлесіміз Сәдуақас Шор­ма­новтың өлең­дері алғаш жарияланған.

1909 жылы Уфа қаласында жарық көрген еңбек энци­кло­педиялық сипатқа ие, м­ұнда сол кезеңдегі қазақ халқы өмі­рі­нің қоғамдық-саяси мен әлеу­­меттік құрылысының мәсе­ле­лері айқын ашып көр­се­тіл­ген. Сондай-ақ ол Абай шы­ғар­машылығының ерекше ма­ңы­зы бары туралы алғашқылар­­дың бірі болып мәлімдейді.

Бұқар жырау атындағы Әде­биет және өнер музейінің қыз­меткері Абзал Рымбектің ай­туынша, Зейнелғабиден әл-Жау­­һаридің аталған кітабы араб қарпінде, төте нұсқада жа­зылған. Тарихи еңбектің түп­нұс­­қасы елімізде санаулы. Ал Пав­­­ло­дарда табылған кітаптың он шақты беті ғана сақталған. Араб қарбіндегі көне парақтар жер­гілікті Бижан мешітіндегі құран кітаптары арасынан шық­қан.

«Насихат Қазақияда»: «Ба­ланы 11 жастан кейін ғана орыс тілінде оқыту» керек де­­­ген мәселе айтылады. Қа­зір­­­­­гі өнер­табысы мен ғы­лы­мы дамыған жапон халқы бала­­ларына шет тілдерін үй­ре­туді тек 12 жастан кейін ғана қол­ға алатындығы мәлім. Ағар­ту­шы бұл мәселені ертерек біліп, қазақ қоғамына сіңдіруді мақ­сат етсе керек.

Атап өтерлігі, бұған дейін отандық ғалымдар шы­ғар­маны кирил­лицаға түсіріп, кітап етіп бастырған.

 

Павлодар облысы