Taza.kz

# Жәдігер

Жәдігер • 11 Сәуір, 2026

Шиті мылтық пен түйе зеңбірек

Қызылорда тарихи-өлкетану музейінде көрген адамды қызық­ты­ратын жәдігерлер қатарында түйе зеңбірек пен шиті мылтық тұр. Кезінде Сырда билік жүргізген Қоқан хандығынан қалған зеңбіректер дария жағалауынан табылыпты. Ал 2 ғасырлық тарихы бар шиті мылтық бір әулетті ғана емес, тұтас ауылды аштықтан аман алып қалған қару.

Жәдігер • 10 Сәуір, 2026

Қос шанақты домбыра

Арқалықтағы Дала өлкесі тарихы мұ­ра­жайында тұр­­ған ұлттық аспап Торғай өңі­­ріне белгілі қолөнер ше­бері Төкей Ос­­па­нов­­­тың қо­лы­­­нан шық­­­­қан.

Жәдігер • 08 Сәуір, 2026

«Ғалия» кітапханасының мөрі

Профессор Тұрсынбек Кәкішұлы «Сандалтқан «Садақ» кі­табында көктен іздегені жерден табылғандай, осы тарихи қол­жазба журналдың бірнеше санын профессор Қайыржан Бекхожиннен алғанын шабыт­тана жазады. «Қаптаған көп кітаптың арасынан қалың­дығы төрт елі, мұқабасы жыр­­тыл­ған маталы түптің жоға­ры және төменгі жағына әшекейлеп қара бояумен өрнек салып, орта тұсына «Садак кир­гизов» деп тасқа басылған сөзі бар, 575-бетіне «Ғалия» кітап-оқуханасы деген таныс штамп басылған салмақты да кө­лемді кітапты қолыма ұс­тат­ты. Жүрегім жарылып ке­тер­дей тулап қоя берді», дей­ді ол. Біз де осы мөрді көруге асықтық.

Жәдігер • 08 Сәуір, 2026

Жоғалып табылған сурет

Мына бір көпке танымал сурет 1921 жылы 5 мамыр күні Ташкент қаласының қарапайым шайханасында түсіріліпті. Бейнеде өзбекше киінген үш адам отыр. Бұлар сол тұстағы қазақтың бетке ұстар арыстары. Ортада отырған Міржақып Дулатұлы. Оған қорқор тұтатып беріп жатқан – Ғазымбек Бірімжанұлы. Ал оң жақта ақ шәйнектен шай құйып беруші – Ахметсафа Юсупов.

Жәдігер • 27 Наурыз, 2026

Жазата жеткізген жәдігер

Ресей отаршылары қазақ жерін бөліске түсіріп, жергілікті халықты ығыстырып жатқанына шыдай алмаған Ағыбай батыр жер дауымен батыс Сібір генерал-губернаторы Гасфортқа барып, наразылық білдіреді. Мұның Ресейге де қатер төндіретінін батыл айтады. Сөйткен соң екі жақ мәмілеге келген. Ағыбайға тәнті болған генерал-губернатор өзінің қылқалам шеберіне батырдың суретін салдырады. Осы бейнені қыр қазақтарының көсемі ретінде тіркетіп, Эрмитажға жөнелтеді.

Жәдігер • 18 Наурыз, 2026

Құны алпыс жылқы сәукеле

Петербордағы Ресей Ғылым академиясына қарасты Антропология және этнография музейіндегі (Кунсткамера) жәдігерлер қатарында қазақ тұрмысына қатысты мыңнан аса құнды дүние сақталған. Соның бірі – қазақ қызының қымбат сәукелесі.

Жәдігер • 13 Наурыз, 2026

Тарихқа бай Тараңғұл мен Жамансу

2019 жылы Қарғалы ауданының Қосестек ауылына жақын жердегі Тараңғұл өзенінің сол жақ жағалауынан табылған ежелгі адамдар қонысы зерттеушілердің ерекше қызығушылығын туғызды. Кейінгі қола дәуіріне жататын Тараңғұл тұрағынан шыққан бай олжаларды Ә.Марғұлан атындағы Археология институты ерте темір дәуірі бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері Дархан Байтілеу мен Жанаргүл Қалиева зерттеуге кірісті.

Жәдігер • 12 Наурыз, 2026

«Хұсрау-Шырын» дастаны

Елордадағы Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталы­ғы­ның қорында ХІV ғасыр туындысы «Хұсрау-Шырын» дас­та­ны­ның Париж ұлт­тық кітап­хана қорынан алынған түп­­нұс­қалық көшірмесі сақтаулы тұр.

Жәдігер • 11 Наурыз, 2026

Арқалық музейіндегі асадал

Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы музейінің көшпелі тұрмыс мәдениетіне арналған бөлімінде XIX ғасырда жасалған асадал мен төсекағаш сақтаулы тұр. Құнды жәдігерлерді кезінде Торғай ауылының тұрғыны Дәметкен Есмағұловадан осы мұражайды ашқан Өзбекәлі Жәнібековтің өзі барып сұрап алған.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан экономикасы 3%-ға өсті

Экономика • Бүгін, 11:00

Жылқы көбейсе – ел ырысы

Шаруашылық • Бүгін, 09:15

Фото
Яндекс.Метрика