• RUB:
    6.69
  • USD:
    523.46
  • EUR:
    600.04
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 09:56

Қызылорда облысында жыл басынан бері 14 адам суға кеткен

30 рет
көрсетілді

Шомылу маусымы басталғалы бері облыстық төтенше жағдайлар департаменті, білім басқармасы мен қала әкімдігінің қызметкерлерінен жасақталған топтар профилактикалық жұмыстарды күшейтті. Олар каналдар мен су айдындарына рейд ұйымдастырып келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қала аумағында суға шомылуға болмайтын 16 учаске бар. Бірақ аптапқа шыдамаған үлкен де, кіші де  ондай ескертулерді елей бермейді.

Облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Парасат Жаңабергеновтің айтуынша рейдтер мамыр айының 25-нен бастап күнделікті ұйымдастырылып келеді. Дегенмен қадағалаусыз қалған балалар тыйым салынған жерлерде шомылып, оның арты өкінішті жағдайларға ұласып жатқан оқиғалар бар. «Үлкендер балаларды бақылауды күшейтіп, оларды бос уақытында тегін үйірмелерге қатыстырса», дейді ол.

Облыстық ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Жандос Жүгінісов жыл басынан бері түрлі себептермен 14 адам суға кеткенін айтады, оның жетеуі бала. Рейдтер барысында 13 азаматқа ескерту жасалып, кейбір тұрғындарға хаттамалар толтырылған.

Тұрғындар қауіпсіздігі үшін ұйымдастырылатын рейд жұмыстары жалғаса береді.