• RUB:
    6.61
  • USD:
    518.5
  • EUR:
    601.62
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары Бүгін, 08:15

Жарнама құдіреті

20 рет
көрсетілді

2003 жылы Чехия астанасы Прагада жа­ңа супермаркеттің ашылатыны ту­­­­ралы әңгіме гу-гу тарады. Өйт­ке­ні ­кө­­ше­дегі, теледидардағы жар­на­­­­ма­­­лар­да «Чех арманы» атты дү­­кен­­де ре­­к­орд­тық­ төмен баға­лар мен кере­мет­ жеңіл­дік­тер бола­тын­­­дығы уәде етіл­ді. Супер­­мар­кет­тің­ ашы­луына 3000-нан астам адам жиналды.

Қызықтың көкесі осы кезде басталады. Сауда орталығының лентасы қиылып, жұрт дүкенге қарай ұмтылғанда, олардың алдында — жай ғана далаға орнатылған жалған фасад, яғни құрылыс орманына тірелген плакат тұрғаны анықталды. Оның артында ешқандай ғимарат жоқ еді. Бұл — режиссура факультетінің екі сту­денті ұйымдастырған перформанс болатын. Олар бұл оқиғаны бастан-аяқ бейнежазбаға түсіріп, тұтынушылық мәдениет пен жарнама манипуляциясын әшкерелейтін «Český sen» (чех арманы) атты деректі фильм шығарды. Бұл оқиға ел ішінде үлкен резонанс тудырып, жарнаманың әсері туралы қоғамға терең ой салды.