• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары 27 Маусым, 2025

Жалықтырмайтын жарнама

10 рет
көрсетілді

Швециядағы «ICA» атты супермар­-ке­т­­тер желісі 2001 жылдан бері бұрын-соңды болмаған ерекше тәсіл­мен жар­нама жасап келеді. Аталған ком­па­­ния теледидардан жай ғана ролик көрсетпейді, шағын сериал ұсы­нады.

Әр роликтің ұзақтығы небәрі 30-45 секунд, бірақ оқиға желісі қызықты әрі тартыс­ты болғандықтан көрермендер бұл жарнаманы тіпті асыға күтетін болған. Жаңа эпизодтар әр екі апта сайын шығып тұрады, ал жұртшылық бұл сюжеттерді мини-сериал секілді қабылдайды. Осылайша, «ICA» жарнамасы осы күні әлемдегі ең ұзақ әрі ең танымал жарнамалық телесериалға айналды.