Атақты режиссер Константин Станиславский бірде шәкірттеріне тапсырма беріпті. «Сендердің ақшаларың сақтаулы тұрған «Император Банкі» өртеніп жатыр. Осы сәтте қандай күйде боласыңдар, соны этюд қылып көрсетіңдер», дейді.
Содан студенттердің бірі ойбайлап, екіншісі өкіріп, үшіншісі шелекпен су тасып, тағы біреулері қолын қайғыра сермеп жатады. Тек Василий Качалов қана аяқтарын айқастырып қойып, жайбарақат отыра беріпті. Мұны көрген режиссер:
– Качалов! Сен неге көрініске қатыспай отырсың? – деп айқай салыпты.
– Қатысып отырмын, Константин Сергеевич.
– Онда неге банк өртеніп жатқанда алаңсыз отырсың?, дейді режиссер одан сайын қаһарланып. Сонда Качалов еш саспастан:
– Менің бұл банкте ешқандай да ақшам жоқ, – деген екен.