Іздеуде жүрген көліктерді анықтау ісінде енді полицияға ұшқышсыз ұшу аппараттары көмекке келеді, деп жазады Egemen.kz.
Ішкі істер министрлігі, «Қазақтелеком» АҚ және Sergek жүйесінің әзірлеушілері бірігіп, жаңа цифрлық технологияларды сынақтан өткізіп жатыр.
Құқық бұзушылықтарды тіркейтін Sergek жүйесін дрондарға біріктіру – жол ережесін бұзу фактілерін, борышкерлер мен алимент төлеуден жалтарып жүргендерді жедел анықтап, мәліметтерді тікелей тәртіп сақшыларының планшеттеріне жеткізуге жол ашады.
Бұл жаңашылдық полиция қызметінің шапшаңдығын және тиімділігін арттыруға ықпал етпек.