• RUB:
    6.63
  • USD:
    520.39
  • EUR:
    609.58
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары Бүгін, 08:40

Ең таралымды басылым

30 рет
көрсетілді

Жапонияның «Yomiuri Shimbun» газеті – әлем бойынша ең көп таралатын басылым. Күн сайын оның 9–10 миллион дана аралығындағы тиражы оқырман қолына тиеді. Бұл көрсеткішпен «Yomiuri Shimbun» Гиннестің рекордтар кітабына енген және қазіргі күнге дейін бұл межені ешбір газет бағындырған жоқ.

Газет алғаш рет 1874 жылы жарық көрді және бүгінде ол Жапонияның негізгі үш ірі медиахолдингінің біріне айналған. Басылым Жапонияның барлық аймағына таратылады, оған қоса таңғы және кешкі нұсқалары да бар. Ең басты ерекшелігі – бұл газеттің қағаз нұсқасына деген сенімнің әлі де жоғары деңгейде сақталуы. Жапон қоғамы үшін газет тек ақпарат көзі ғана емес, білім мен тәрбие құралы саналады.