• RUB:
    6.63
  • USD:
    520.39
  • EUR:
    609.58
Басты сайтқа өту
Қылмыс Бүгін, 11:07

«Табысым» өсіп жатыр деп ақша құя берген

30 рет
көрсетілді

Алаяқтардың айласы күннен-күнге жетіліп барады. Оларға алданған Петропавлдың бір тұрғыны 19 млн теңгесінен айрылған, деп жазады Egemen.kz.

Интернет ресурстарды емін-еркін жайлаған алаяқтар танымал адамдардың аузымен қайдағы «жобаларға» инвестиция құйсаңдар табысқа қарқ  боласыңдар дегенді айтып жатады. Сондайдың бірі - «биржалық ойындар» дегенге алданған петропавлдық қарызданып-қауғаланып 19 млн теңгесін салады. Оны қызықтырған интернет-ресурстағы өзінің «жеке кабинеті» екен. Оны ашқан сайын  табысының еселеп артып бара жатқанын көреді. Шын мәнінде бұлар ешқандай ақша емес, бос сандар болып шығыпты. Зардап шегуші одан ақша алмақ болғанда алаяқтар ғайып болған...

Осындай кибераферистерден үстіміздегі жылдың бес айында 27 петропавлдық зардап шеккен. Полиция қызметі арзан «табысқа» алданбаңыздар дегенді үнемі ескертіп отырады.

ПЕТРОПАВЛ