• RUB:
    6.63
  • USD:
    520.39
  • EUR:
    609.58
Басты сайтқа өту
Қоғам Кеше

Жарнаманың әсері

30 рет
көрсетілді

Қазір өнімнің сапасы ғана емес, оны қалай ұсынатының да үлкен маңызға ие. Тұтынушының қандай тауарды, қалай және қанша мөлшерде қолданатыны көбіне жарнама арқылы қалыптасады. Теледидардан, әлеуметтік желіден немесе көшедегі баннерлерден көрген көрініс санамызда сақталып, біздің күнделікті әрекетімізге әсер етеді. Жарнаманың мақсаты да сол – өнімді таныстырумен қатар, оны сатып алуға итермелеу, кейде қолдану тәсіліне дейін бағыт беру, деп жазады Egemen.kz.

 

Осындай ерекше маркетингтік айланы сәтті пайдаланған компаниялардың бірі – Alka-Seltzer. Бұл – бас ауруы мен асқазан жайсыздығына қарсы қолданылатын танымал дәрі. 1960 жылдардың басында аталған компания жарнамалық науқанын түбегейлі өзгертуді шешеді. Бұған дейінгі жарнамаларда бір ғана таблетка стақандағы суға салынып, қолдану жолы көрсетілетін.

Алайда жаңа науқанда бәрі басқаша ұсынылды. Жаңа телероликтерде актерлер бір емес, екі таблетканы стақанға қатар тастайтын болды. Бұл көрініс бейсаналы түрде көрерменнің ойына: «Мүмкін, екі таблетка ішу керек шығар?» деген ой салды. Яғни, өнім өзгермесе де, қолдану мөлшеріне деген көзқарас өзгерді. Бұрын бір қаптамадағы таблетка бір аптаға жетсе, енді сол қаптама бірнеше күнге ғана жететін болды. Соның арқасында сатылым саны күрт өсті.

Бұл қарапайым ғана визуалды тәсіл бүгінде маркетинг шебер шешімнің үлгісі ретінде қарастырылады. Alka-Seltzer компаниясы осы қадам арқылы тұтыну көлемін еселей алды, ал жарнама саласы үшін бұл тәжірибе тұтынушы психологиясына әсер етудің нақты мысалына айналды.

Сондықтан жарнама тек өнімді танымал етумен шектелмейді. Ол тұтынушының ниетіне, әрекетіне, тіпті ойлау үлгісіне әсер ете алады. Alka-Seltzer мысалы соның жарқын дәлелі. Кейде өзгеріс тек сөзде емес, бір ғана кадрда, бір ғана қимылда болуы мүмкін. Бірақ сол қарапайым өзгеріс миллиондаған адамға әсер етіп, миллиардтаған пайда әкеледі.