• RUB:
    6.62
  • USD:
    519.64
  • EUR:
    609.23
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 18:00

Перизат Қайраттың ісі сотқа жолданды

20 рет
көрсетілді

Бас прокуратура Перизат Қайрат пен анасы Г.Алашбаеваға қатысты қылмыстық істі Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына жіберді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Аталған адамдар Қазақстан Республикасының азаматтары мен ұйымдарынан мүгедек балаларға, сондай-ақ Қазақстанда су тасқынынан және Таяу Шығыстағы қақтығыстан зардап шеккен адамдарға қайырымдылық көрсету желеуімен жиналған 3 миллиардтан астам теңгені жымқырғаны үшін айыпталады», делінген Бас прокуратураның баспасөз хабарламасында.