• RUB:
    6.62
  • USD:
    519.64
  • EUR:
    609.23
Басты сайтқа өту
Инвестиция Бүгін, 14:41

Тарифті инвестицияға айырбастау қаншалықты тиімді

30 рет
көрсетілді

Энергетика саласының тұрақты дамуына арналған бірқатар жобалар елімізде кеңінен жүзеге асып жатыр. Тұрғындарды сапалы энергия көзімен қамтамасыз ету         үшін Үкімет «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасын іске қосты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Инвестицияға арналған тариф электр станциясы мен желі иелеріне өз активтерін тиімді ұстау үшін көбірек ақша жинауға мүмкіндік береді. Энергетика министрлігі көтерме сауда нарығында жабық бәсекелестік орнатты және электр станцияларына арналған барлық тарифтер министрліктің  бұйрығымен белгіленеді. 

«Бұл - экономикамызда ең үлкен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудырады. Тарифтің небәрі 1 теңгеге шамадан тыс көтерілуі электр станцияларының иелеріне жылына жалпы алғанда 100 миллиард теңгеге жуық табыс әкеледі және олар тарифтің шектен тыс көтерілуіне үлкен ынталандыруға ие. Бұған жол бермеудің жалғыз жолы – нарықты ашу және баға белгілеуді тоқтату. 1998 жылы көтерме нарықтағы тариф нарықтық күштердің әрекетінен 3 есеге төмендеді»,  дейді тәуелсіз сарапшы Асет Наурызбаев.

Президент жанындағы ҚСЗИ Экономикалық саясатты талдау бөлімінің бас сарапшысы Әсел Әбеннің айтуынша бағдарламаны іске асыруға 3 триллион теңге қарастырылған. Бөлінген қаржыға 61,9 мың шақырымды құрайтын инженерлік желіні жаңарту арқылы тозу деңгейін 20%-ға дейін төмендету жұмыстары бекітілген.

«Алайда бағдарламаны іске асыру барысында бірқатар шектеулер орын алды. Инфрақұрылымдық жобалардың өтелу мерзімінің ұзақтығы оларды бизнес үшін тартымдылығын төмендетеді. Қызмет сапасы жақсарғанына қарамастан, тарифтердің өсуі әлеуметтік шиеленісті тудырып, әсіресе табысы төмен халық арасында наразылыққа әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, кейбір өңірлерде техникалық жағынан күрделі жобаларды жүзеге асыруға қабілетті мердігерлік ұйымдар мен білікті мамандар жетіспейді. Мұның барлығы жаңғырту қарқынының баяу жұмыс істеуіне және шығындардың артуына себеп болуы мүмкін», дейді сарапшы.