Taza.kz

# Инвестиция

Экономика • 09 Сәуір, 2026

Әрбір инвесторға нақты прокурор бекітіледі: Жаңа сүзгі қалай жұмыс істейді?

Бас прокуратурада Берік Асыловтың төрағалығымен инвестицияларды қорғауға арналған форум өтті. Оған отандық және шетелдік инвесторлармен қатар мемлекеттік органдар, халықаралық ұйымдар мен бизнес қауымдастық өкілдері қатысты. Форумда Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр, Мәжілістің вице-спикері Дания Еспаева және Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» Президиумының төрағасы Қанат Шарлапаев құттықтау сөз сөйледі, деп жазады Egemen.kz.

Инвестиция • 02 Сәуір, 2026

Жаңа инвестиция формуласы: азды көбейтіп, барды тиімді етеді

Шетелдік инвестиция туралы айтқанда, әдетте жаңа өндіріс орындары мен жұмыс орындарының көбеюі алдымен ойға оралады. Капиталдың келуі экономиканың жандануы­на ықпал ететіні белгілі. Бірақ кейінгі зерттеулер шетелдік инвестицияның еңбек нарығына әсері күткендегіден өзгеше екенін көрсетті. Сарапшылардың пікірінше, бүгінде инвестициялар жұмыс орындарын көбейтуден гөрі өндіріс тиімділігін арттыруға басымдық беріп отыр.

Инвестиция • 14 Наурыз, 2026

Орталық Азиядағы шетел инвестициясының 68%-ы Қазақстанға тиесілі

Қазақстан экономикасында жинақталған тікелей шетел инвестициясының (бұдан былай – ТШИ) көлемі 2024 жылы 151,3 млрд доллар болған. Біріккен Ұлттар Ұйымы Сауда және даму жөніндегі конференциясының «Әлемдік инвестициялар туралы» баяндамасында (бұдан былай – UNCTAD есебі) осындай дерек бар. Бұл көрсеткіш сырттан тартылған капиталдың ел экономикасындағы салмағын бағалауға мүмкіндік береді. Басқаша айтсақ, шетел инвесторлары салған кәсіпорындар, өндіріс жобалары, технологиялық жабдықтар мен басқа да активтер ел экономикасында қаншалықты ықпалды екенін осы көрсеткіштен аңғаруға болады. 

Инвестиция • 05 Наурыз, 2026

Енді азаматтар зейнетақы активтерін интернет-платформа арқылы бақылай алады

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша invest.enpf.kz бірыңғай ақпараттық интернет-платформасын іске қосты. Жаңа цифрлық ресурс салымшыларға инвестициялық портфельдерді талдауға, басқарушы компанияларды салыстыруға және өз жинақтарының қозғалысын бақылауға мүмкіндік береді. Платформа зейнетақы жүйесіндегі ашықтықты арттыруға және халықтың қаржылық сауатын күшейтуге бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 03 Наурыз, 2026

Жезқазған қаласының бюджеті екі есе өсті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Ұлытау облысы құрылғаннан бастап Жезқазған қаласында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінде алға ілгерлеушілік байқалды. Соның ішінде қала бюджетінің көлемі мен инвестиция тарту деңгейі айтарлықтай өсті. Өткен жылы Жезқазған қаласының меншікті кірістері үш есеге артып, 36,9 млрд теңгеге жетті. Жалпы қала бюджеті екі есеге өсіп, 57,1 млрд теңгені құрады, деп жазады Egemen.kz.

Инвестиция • 25 Ақпан, 2026

42 млрд теңгеге жуық инвестиция: Ақтөбеде Coca-Cola зауыты салынады

Ақтөбе облысында жаңа өндірістік жоба жүзеге асырылмақ. Осыған орай облыс әкімі Асхат Шахаров Coca-Cola Içecek Kazakhstan компаниясының бас директоры Вели Динчельмен кездесу өткізді. Басқосу барысында инвестициялық жобаның кезең-кезеңімен жүзеге асырылуы және жергілікті атқарушы органдармен ынтымақтастық мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Инвестиция • 23 Ақпан, 2026

Шымкент фармацевтикасына 39,5 млрд теңге инвестиция құйылады

Үкімет фармацевтика саласындағы ірі жобалардың біріне қолдау көрсетті. Денсаулық сақтау министрлігі мен «Химфарм» АҚ арасында халықты қолжетімді дәрі-дәрмекпен қамту және отандық өндірістің үлесін арттыруға бағытталған инвестициялық келісім бекітілді. Қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп жазады Egemen.kz.

Инвестиция • 17 Ақпан, 2026

2029 жылы негізгі капиталға салынатын инвестициялар 2,5 есе артады

Үкімет 2029 жылға қарай 400 млрд доллар жиынтық инвестиция тарту арқылы экономикалық өсудің жаңа моделіне көшуді қамтамасыз етеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин баяндады, деп жазады Egemen.kz.

Инвестиция • 16 Ақпан, 2026

Ұлытау облысында инвестициялық жобалар талқыланды

Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков Оңтүстік Кореяның «Microbus» компаниясының бас директорымен кездесті. Кездесу барысында өңір аумағында бірқатар стратегиялық маңызы бар инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарлары таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Соңғы жаңалықтар

Қала көркіне айналмақ эко-парк

Экология • Бүгін, 13:23

Фото
Яндекс.Метрика