Инвестиция • Бүгін, 20:11

Қазақстан ШЫҰ Даму банкі арқылы инвестиция мүмкіндігін кеңейтеді

30 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясында құрылатын Даму банкі арқылы заманауи технологияларды қаржыландыруға басымдық беріп, инвестиция көздерін кеңейту бағытында нақты қадамдар жасап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан ШЫҰ Даму банкі арқылы инвестиция мүмкіндігін кеңейтеді

Фото: Қаржы министрлігі

Қытайдың Сиань қаласында өткен жиында ШЫҰ-ға мүше және серіктес елдердің экономикалары мен инфрақұрылымдық жобаларын қаржыландырудың қосымша тетіктері талқыланды. Басқосуға қаржы министрлерінің орынбасарлары мен ұйым хатшылығының өкілдері қатысты. Қазақстан атынан Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеил қатысып, ШЫҰ Даму банкін құру жөніндегі екінші консультативтік кездесуде ел ұстанымын жеткізді.

Қаржы министрлігі

Кездесу барысында болашақ қаржы институтының негізгі өлшемшарттары, қаржыландырудың басым бағыттары және капиталдандыру тетіктері жан-жақты қарастырылды. Вице-министрдің айтуынша, бұл банк жаңа буын технологияларын қолдауға бағытталған маңызды институтқа айналуға тиіс.

Басым бағыттардың қатарында жасанды интеллект, биотехнология жобалары, сондай-ақ Қытайдан трансферттелетін өнеркәсіптік және «жасыл» технологиялар бар. Сонымен бірге тәуелсіз қаржыландыру, жергілікті валюталарды пайдалану және баламалы қаржы құралдары арқылы жарғылық капитал қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ даму банкін құру туралы бастаманы қолдады

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар консультацияларды жалғастыруға уағдаласты. Келесі жиын 28-29 мамыр күндері Бішкек қаласында өтеді.

Іс-шара аясында Дәурен Кеңбеил Қытай Халық Республикасы Қаржы министрінің орынбасары Ляо Минмен кездесіп, Қытай нарығында панда-бондтарды шығару рәсімдері мен Астана қаласында сорғы-сүзгі стансасын салу жобасын қаржыландыру мәселелерін талқылады.

Жалпы, аталған бастамаларды жүзеге асыру:
Қазақстанның Қытай нарығына және ШЫҰ аясындағы жаңа қаржы көздеріне қолжетімділігін кеңейтеді;
өнеркәсіп, инновация және «жасыл» технологиялар саласындағы жобаларға қосымша мүмкіндік береді;
капитал көздерін әртараптандырып, экономиканың технологиялық дамуын жеделдетуге ықпал етеді.

Қытайдағы ШЫҰ саммитінде Тоқаевтың ұстанымы несімен ерекшеленді?

Соңғы жаңалықтар