Оқиға • Бүгін, 18:59

Алматы облысында картон зауыты аумағында өрт шықты

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысының Қарасай ауданындағы Абай ауылында картон зауытының аумағында өрт тіркелді. Оқиға орнынан қою қара түтін көтеріліп, елді мекен үстін тұмшалап тұр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысында картон зауыты аумағында өрт шықты

Фото: Видеодан алынған кадр

Алдын ала мәлімет бойынша, өрт қойма аңғарында тұтанған. Қазір оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп, тілсіз жауды ауыздықтауға күш салып жатыр.

Астанада 2 мың доллар үшін үй өртемек болған тұрғын сотталды

Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша және зауыт әкімшілігінің айтуынша, ғимарат ішінде адамдар жоқ.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Жағдай бақылауға алынған, тиісті қызметтер жұмысын жалғастырып жатыр.

Шымкентте пластик бұйымдарын шығаратын цехтан өрт шықты

Соңғы жаңалықтар