Фото: NASA
Америкалық ғарыш агенттігі алдымен Жер серігіне оның бетін зерттеу, сондай-ақ жабдықтарды жеткізу үшін роботтандырылған модульдер, дрондар және көлік платформаларын жіберуді жоспарлап отыр.
Екінші кезеңде мамандар жүк, соның ішінде айкөлік жеткізіп, энергетикалық инфрақұрылымды, оның ішінде күн қондырғылары мен ядролық реакторларды орналастыруды көздейді.
Ал 2030 жылдарға жоспарланған үшінші кезеңде астронавтардың арнайы тұрғын модульдерде ұзақ уақыт болуы, экипаждардың тұрақты ауысуы және Ай бетінде үздіксіз жұмыс жүргізу қарастырылған.