Фото: Анадолы
Жергілікті дереккөздердің хабарлауынша, Израиль әскері Газа қаласындағы Рималь ауданындағы ғимаратқа әуеден соққы жасаған.
Шабуыл салдарынан үш палестиналық, оның ішінде бір әйел қаза тапқан, 20 адам жараланған.
Палестина билігі әзірге шабуыл мен адам шығынына қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.
Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбаларда соққы жасалған ғимарат пен оның айналасының қатты зақымданғаны көрінеді.
Осы жағдайға байланысты Биньямин Нетаньяху мен Исраэль Кац бірлескен мәлімдемесінде Израиль армиясының Газа секторына жасаған шабуылының нысанасы ХАМАС-тың қарулы қанаты − «Изз ад-Дин әл-Кассам бригадаларының» командирлерінің бірі Мұхаммед Авде болғанын мәлімдеді. Сондай-ақ шабуыл Нетаньяху мен Кацтың бұйрығымен жүзеге асырылғаны айтылып, Авде «Қассам бригадаларының» жаңа жетекшісі екені алға тартылған.
15 мамыр күні Израиль армиясының Газа секторына жасаған шабуылы кезінде ХАМАС-тың қарулы қанаты «Изз ад-Дин әл-Кассам бригадаларының» командирі Изз ад-Дин әл-Хаддад әйелі және қызымен бірге қаза тапқан болатын.