• RUB:
    6.62
  • USD:
    519.29
  • EUR:
    613.28
Басты сайтқа өту
Кино Кеше

Астанаға голливуд жұлдыздары келеді

30 рет
көрсетілді

Орталық Азиядағы ең ауқымды мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2025 биылғы шілдеде бұрын-соңды болмаған ауқымда өтпек. 9–13 шілде аралығында «Астана Арена» мен «Барыс Арена» алаңдарында бір уақытта ұйымдастырылатын іс-шара аясында әлемдік поп-мәдениет жұлдыздары, YouTube-контентмейкерлері мен косплей әртістері бас қосады. Биылғы фестивальдің басты жаңалығы – голливудтың үш бірдей жұлдызының келуі, деп жазады Egemen.kz.

Comic Con Astana ұйымдастырушылары кезекті халықаралық жұлдыздың есімін жариялады. Келушілермен жүздесетін үшінші актер – Скотт Эдкинс. Жауынгерлік өнердің хас шебері, экшн-фильмдер мен Marvel жобаларындағы жарқын рөлдерімен танымал британ актері көрермен қауымға «Юрий Бойка» бейнесі арқылы кеңінен танылған.

Эдкинстің қатысуымен жарық көрген фильмдер қатарында:

«Неоспоримый» (Undisputed) «Доктор Стрэндж» «Джон Уик 4» «Неудержимые 2» «Люди Икс: Росомаханың бастауы» «Ультиматум Борна» «Цель номер один», «Преступник», «Ип Ман 4» және тағы басқалары бар.

Бұған дейін 2025 жылғы Comic Con фестивалінің хедлайнерлері ретінде Энди Серкис пен Эсай Моралес қатысатыны хабарланған болатын. Осылайша, ел астанасында әлемдік киноиндустрияның үш бірдей алпауыт өкілі бас қосады.

Фестивальге сонымен қатар Qewbite, Мармок, Настя Джексон, «Metal Family» авторлары Алина Ковалева мен Дмитрий Вдовенко, «Чёрный Кабинет» жобасының негізін қалаушы Артём Гутковский, суретші Big Gleb (Глеб Мельников) және YouTube-креатор Johan сынды медиаплатформаларда миллиондаған аудитория жинаған контентмейкерлер қатысады.

Фестиваль аясында маңызды мәдени оқиғалардың бірі ретінде Қазақстан мен Испанияның бірлескен халықаралық киножобасы – Бітім (La Tregua) таныстырылады. Бұл жоба – Netflix стриминг платформасына бағытталған алғашқы қазақ-еуропалық ынтымақтастық нәтижесі.

Visa – Comic Con 2025-тің ресми серіктесі ретінде шығармашылық пен өзін-өзі еркін білдіруге қолдау көрсетіп отыр. Компания өкілдерінің айтуынша, «үлкен өзгерістер – билет сатып алудан басталады».

Орталық Азия кеңістігінде баламасы жоқ бұл фестиваль Астананы креатив индустриясының нағыз орталығына айналдырмақ. Гик-мәдениеттен бастап жаһандық стримингке дейінгі барлық бағытты қамтитын Comic Con Astana – тек көңіл көтеру алаңы ғана емес, мәдени диалог пен идеялар тоғысатын халықаралық платформа.