• RUB:
    6.6
  • USD:
    518.37
  • EUR:
    609.97
Басты сайтқа өту
Оқиға Кеше

Алматыда ит талаған баланың жағдайы қалай?

30 рет
көрсетілді

Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы Қарасай ауданы Жалпақсай ауылында ит талап тастаған баланың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz. 

 

«2025 жылғы 1 шілдеде баланың жағдайы тұрақтанған соң, 2014 жылы туған науқас Қарасай ауданының Орталық аудандық ауруханасынан Облыстық балалар клиникалық ауруханасына ауыстырылды. Ол жансақтау бөліміне жатқызылды. Науқастың жағдайы – ауыр, бірақ тұрақты, нашарлау белгілері жоқ. Есін біледі. Науқаспен және оның анасымен клиникалық психолог жұмыс істеп жатыр», деді Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Науқасты Қазақ медициналық университетінің нейрохирургі мен Қазақ ұлттық медицина университетінің профессоры қараған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы емнің толық көлемде, клиникалық хаттамаларға сәйкес жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Айта кетейік, оқиға 30 маусым күні түс мезгілінде Қарасай ауданына қарасты Жалпақсай ауылында болған. Үш бірдей агрессивті ит жеке аумақтан шығып кетіп, адамдардың көзінше футбол алаңында ойнап жүрген 10 жастағы балаға шабуыл жасаған. Бала жансақтау бөліміне түсті.