• RUB:
    6.6
  • USD:
    518.37
  • EUR:
    609.97
Басты сайтқа өту
Экспорт Кеше

Астық экспорты 60 пайызға артты

30 рет
көрсетілді

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының мәліметінше, 2024 жылғы қыркүйек пен 2025 жылғы маусым аралығында елімізден шетке жөнелтілген жаңа астық өнімінің көлемі 9 млн тоннаға жеткен. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 60 пайызға артық, деп жазады Egemen.kz.

 

Сарапшылардың айтуынша, бұл көрсеткіш – қазақстандық астыққа сыртқы нарықтарда сұраныстың жоғары екенінің айқын дәлелі. Сонымен қатар, экспорт географиясының кеңеюі мен логистикалық инфрақұрылымның жаңартылуы да оң нәтиже берген.

Астық жөнелтудің негізгі бағыттары – дәстүрлі түрде Орталық Азия мен жақын шетелдер. Атап айтқанда:

Өзбекстанға – 3,3 млн тонна (өсім – 32%),

Тәжікстанға – 1,2 млн тонна (+45%),

Ауғанстанға – 309 мың тонна (+46%),

Қырғызстанға – 233 мың тонна (+94%),

Иранға – 974 мың тонна (17,5 есе көп),

Әзірбайжанға – 707 мың тонна (116 есе артқан).

Иран мен Әзербайжан бағытындағы өсім халықаралық көлік дәліздерінің дамуы мен екіжақты экономикалық әріптестіктің нығаюымен тығыз байланысты.