• RUB:
    6.6
  • USD:
    518.37
  • EUR:
    609.97
Басты сайтқа өту
Жемқорлық Бүгін, 11:20

Алматыда ірі көлемде пара берген үш шенеунік ұсталды

40 рет
көрсетілді

Алматы қаласы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің департаменті «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ мен «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС лауазымды тұлғаларына қатысты аса ірі мөлшерде пара алу және беру күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

ҚМА хабарлауынша, «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС басшылығы жүйелі түрде қаржы ұйымдарының сұраныстарын өңдеуге қажетті ақпараттық қызметтер көрсету кезінде мүдделерді қорғау мақсатында «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ басшылығына заңсыз сыйақылар бергені анықталған.

2025 жылғы 28 маусымда Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында келесі пара берілген сәтте – 75 мың АҚШ доллары көлемінде – төмендегі тұлғалар ұсталды:

Омаров Р. – «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС бас директоры;

Сарбасов А. – «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ басшысы, бұған дейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі қызметін атқарған;

Арғандыков Д. – «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ның бұрынғы басшысы, бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі болған.

Ұсталғандардың тұрғылықты мекенжайларына жүргізілген тінту барысында 370 мың АҚШ доллары және 4,5 миллион теңге көлеміндегі қолма-қол ақша тәркіленді.

2025 жылғы 30 маусымда сот санкциясымен Сарбасов А., Омаров Р., Арғандыков Д.-ға қатысты екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Тергеп-тексеру жалғасуда.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді.