• RUB:
    6.6
  • USD:
    519.51
  • EUR:
    611.83
Басты сайтқа өту
Мектеп Бүгін, 16:04

«Келешек мектептеріне» жас педагогтерді іріктеу жалғасып жатыр

20 рет
көрсетілді

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының мәліметінше, Жаңа форматтағы жобаға іріктеуге қатысу үшін 917 өтінім түскен, тестілеуге 5 педагогикалық жоғары оқу орнының түлектері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үміткерлер тестілеу барысында пәндік білім деңгейімен қатар, әлеуметтік және эмоционалдық құзыреттері бойынша да бағаланып, үздік нәтиже көрсеткен 540 түлектің электронды портфолиолары career.orleu.edu.kz цифрлық платформасына жүктелді. Платформа тек «Келешек мектептері» директорлары үшін қолжетімді. Осылайша, олар өңірлік қажеттілікке, пәндік бағытқа және үміткердің кәсіби дайындығына сәйкес педагогті іріктей алады.

Жас педагогтерді іріктеу жұмысы алдағы уақытта да жалғасады. Әсіресе, білікті кадрларға сұраныс жоғары өңірлерге басымдық беріледі.